Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады?

10.07.2026 12:59 Мөлдір ҚАЙНАР
Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады?
55
Фото: politico.kz

2026 жылдың тамыз айында бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалады, деп хабарлайды Politico.kz 

Биыл алғаш рет ай соңындағы дәстүрлі қосымша демалыс берілмейді. Бұған Конституция күнінің 30 тамыздан 15 наурызға ауыстырылуы себеп болды. Конституцияның жаңа редакциясы бойынша бұл өзгеріс 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді және 30 тамыз мемлекеттік мерекелер тізімінен толықтай алып тасталды.

Жаңа кестеге сай, тамыз айында бес күн жұмыс істейтіндер үшін 21 жұмыс күні мен 10 демалыс күні қарастырылған. Ал алты күндік жұмыс аптасындағы азаматтар 26 күн еңбек етіп, 5 күн демалады.

Ай ішінде қосымша мерекелік демалыстар болмағанымен, тамызда бірнеше кәсіби және атаулы күндер атап өтіледі. Олардың қатарында бірінші жексенбідегі теміржолшылар күні, 10 тамыздағы Абай күні, екінші жексенбідегі құрылысшылар күні және үшінші жексенбідегі спорт күні бар.

Сонымен қатар 18 тамызда шекарашылар күні, 29 тамызда Семей полигонының жабылған күні және айдың соңғы жексенбісінде кеншілер күні атап өтіледі. Тілшілердің мәліметінше, бұл атаулы күндерге байланысты жұмыс графигі өзгермейді, сондықтан жаздың соңғы айындағы саяхат пен демалысты осы ерекшеліктерді ескере отырып алдын ала жоспарлау қажет.

Войдите, чтобы оставить комментарий