«Қазақстанға әскер жіберсек бақытты болам» деген Симоньян емнен кейін алғаш рет көрінді

09.03.2026 11:25 Мөлдір Талғат
«Қазақстанға әскер жіберсек бақытты болам» деген Симоньян емнен кейін алғаш рет көрінді
2614
Фото: ашық дереккөз

Ресейлік тележүргізуші әрі RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симоньян ұзақ уақыттан кейін алғаш рет көпшілік алдында бой көрсетті. Бұған дейін ол онкологиялық аурумен күресіп жатқанын ашық мәлімдеген болатын, деп хабарлайды Politico.kz.

БАҚ деректеріне сүйенсек, Симоньянға сүт безі қатерлі ісігі диагнозы қойылып, оған ота жасалған. Кейін бірнеше рет химиотерапия және сәулелік терапия курстарынан өткен. Емдеу процесінен кейін денсаулығы әлсірегендіктен, ол біраз уақыт қоғамдық шаралардан шеттеп, адамдармен байланысын шектеген.

Қазіргі таңда оның жағдайы біртіндеп жақсарып, қалыпты өмірге қайта орала бастағаны айтылуда. Жуырда Симоньян туған қаласы Краснодарға барып, «Краснодардың Құрметті тұрғыны» атағымен марапатталды. Салтанатты рәсім кезінде ол бұл марапат өзіне ерекше әсер еткенін айтып, қолдау білдірген азаматтарға алғыс білдірді.

Аталған іс-шара оның ем қабылдағаннан кейінгі алғашқы ресми кездесулерінің бірі болды. Сондай-ақ көпшілік оның бұл жолы алғаш рет париксіз шыққанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Симоньян Қазақстанға қатысты даулы пікір білдірген еді. Ол бір сұхбатында Ресей әскері қажет болса Украина мен Сириядағыдай Қазақстанда да «бармалейлерге» қарсы күресуге дайын болуы керек деген ойын айтқан.

«Егер біз Украина мен Сириядағыдай, қажет болған жағдайда Қазақстандағы қандай да бір “бармалейлермен” күресу мүмкіндігіне ие болсақ, мен өте бақытты болар едім», – деген болатын ол Эмпатия Манучи бағдарламасына берген сұхбатында.

Айта кетерлігі, «Бармалей» сөзі орыс жазушысы Корней Чуковскийдің балаларға арналған ертегілеріндегі зұлым кейіпкердің атауы. Сарапшылардың пікірінше, Симоньян бұл сөз арқылы Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанға енгізілген ҰҚШҰ әскеріне және сол кезеңде «террорист» деп аталған топтарға тұспал жасаған болуы мүмкін.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий