Қазақстанның бірнеше өңірінде Telegram желісі істен шықты
13 тамыз күні таңертең Қазақстанның бірнеше аймағында Telegram мессенджерінің жұмысында іркіліс тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz.
Detector404.kz сервисіне сүйенсек, пайдаланушылардың шағымы сағат 11:25 шамасында күрт көбейген. Тұрғындардың хабарламалары жіберілмей, медиафайлдар жүктелмей қалды. Оған қоса желіге қосылу да қиындаған.
Ақау туралы арыздар негізінен Астана қаласынан түсті. Сондай-ақ Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары белсенді шағымданған.
Шағымдардың 53,5%-ын iOS жүйесіндегі құрылғыларды пайдаланушылар жіберген. Олар негізінен хабарландырулар мен мобильді қосымшаның жұмысына наразылық білдірді.
Қазіргі уақытта бұл ақаудың нақты себебі белгісіз. Telegram компаниясының өкілдері жағдайға қатысты әлі ресми пікір білдірген жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...