Қазақстанның тұңғыш әйел фармакологы туған күніне бір апта қалғанда өмірден өтті

27.03.2026 14:16 Арман Ермеков
Қазақстанның тұңғыш әйел фармакологы туған күніне бір апта қалғанда өмірден өтті
273
Фото: ndda.kz

Қазақстанның алғашқы әйел фармакологы, ғылым академиясының академигі Раиса Күзденбаева 83 жасында, 84-ке бір апта қалғанда өмірден өтті, деп хабарлайды Politico.kz.

Ғалым 1942 жылдың 3 сәуірінде Қазақстанның батысында дүниеге келген. Ол көзі тірісінде С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде еңбек етіп, медицина ғылымдарының докторы және профессор атанды.

Раиса Салмағамбетқызы ұзақ жылғы ғұмырын клиникалық және эксперименттік фармакологияны дамытуға арнап, білікті мамандар даярлау арқылы еліміздегі осы ғылымның берік негізін қалады.

Профессор 30 өнертабыстың, бірнеше монография мен 500-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Ол 1994 жылдан бастап жергілікті өсімдіктердің емдік қасиеттерін зерттеп, жаңа дәрілік препараттар жасауды қолға алды. Осы зерттеулердің нәтижесінде мия майы, қалақай майы және шүкір майы сияқты 11 түрлі табиғи өнім шығарылды. Ғалым отандық шикізатты пайдалана отырып, бірегей дәрілерді тәжірибеге енгізді және фармакологиялық сараптама жүйесін жетілдірді.

Раиса Күзденбаева көптеген дәрігерлер мен зерттеушілерді оқытып, өзінің ғылыми мектебін қалыптастырған тәжірибелі ұстаз болды. Ол Кеңес одағы тұсында Құрмет белгісі орденімен марапатталса, 2001 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын алды. Кейіннен тәуелсіз еліміздің де бірнеше ордендері мен медальдарын иеленді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий