«Қазақтың «Шатуновы»:  Журналист Қайрат Нұртасқа «Халық әртісі» атағын беру керегін айтты

02.04.2026 10:26 Әсел Мұрат
«Қазақтың «Шатуновы»:  Журналист Қайрат Нұртасқа «Халық әртісі» атағын беру керегін айтты
305
Фото: ашық дереккөз

Журналист Ербол Мәндібек танымал әнші Қайрат Нұртасқа «Халық әртісі» атағын ертерек беру керек екенін айтып, күтпеген ұсыныс тастады, деп хабарлайды Politico.kz.

«Маған ұрыспаңыздар! Өз ойым. Биылдан қалдырмай берген дұрыс деп ойлаймын. Қайрат Нұртасқа «Халық әртісі» атағын ертерек берген дұрыс деп ойлаймын. Оған бірнеше себеп бар. Әкесінің сұхбатын тыңдадым. Қайрат жыл сайын 500-ден астам концерт береді екен және барлық жерде зал 100% лық толы. Ал егер тойлардағы ән айтуын қосатын болсақ жылына 3 мыңнан астам мәрте халық алдына шығады деген сөз», - деп жазды журналист.

Ербол Мәндібек бұл атақ халық шын ықыласына бөленген адамдарға берілетінін айтты.

«Халық әртісі» деген атақ аты айтып тұрғандай халықтың шын ықыласына бөленген адамдарға беріледі. Қайрекең 30 жылға жуық сахнадан түспей келеді. Сондықтан, 50-60 жасын күтпей қазір берген дұрыс деп ойлаймын. Жас кезінде рақатын көрсін ең биік атақтың. Атақ дегеніміз өнер адамының екінші тынысын ашатын катализатор іспетті. Тіпті кішкентай медаль алсаң да көңілің жадырап, рахаттанып марқайып қаласың. Қайрат Нұртасқа марқұм Батырхан Шөкенов ағамыз, «Бұл әлеуметтік құбылыс» деп бағасын беріп кеткен еді. Қазақтың «Шатуновы» халық әртісін алса тақиямызға тар келмес деген ой ғой менікі. Сіз не айтасыз?», - деді журналист.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий