Қоғам белсендісі Арман Шораевқа іздеу жарияланды ма: полиция жауап берді

01.06.2026 10:54 Әсел МҰРАТ
Қоғам белсендісі Арман Шораевқа іздеу жарияланды ма: полиция жауап берді
446
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Қосшы қалалық полиция бөлімінде түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Видео авторы бөлімдегі ақпараттық тақтаны көрсеткен. 

Онда ілінген құжаттардың арасынан белгілі журналист әрі қоғам белсендісі Арман Шораевқа қатысты бағдарлама (ориентировка) жұртшылықтың назарын аударды.

Оны Көкшетау қалалық полиция басқармасы әзірленген. Құжатта кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтіру фактісі бойынша түскен арызды тексеру аясында азамат «Ш.»- ны полицияға жеткізу қажеттігі көрсетілген.

Видео әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін редакция Ақмола облысы Полиция департаментінен ресми сауал жолдады.

Ведомствоның хабарлауынша, 24 мамыр күні Көкшетау қаласының тұрғынынан полицияға арыз түскен. Арыз иесі «Ш.»-ның оның кәмелетке толмаған ұлына дене жарақатын келтіргенін мәлімдеген.

«Аталған арыз бойынша бастапқы процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында арызда көрсетілген азаматты полицияға жеткізу жөнінде жеке құрамға бағдарлама жолданды», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Сонымен қатар департамент сол күні «Ш.»-ның өз еркімен полиция басқармасына келгенін хабарлады.

«Оның қатысуымен Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес барлық қажетті процессуалдық әрекеттер мен тексеру іс-шаралары жүргізілді. Осыған байланысты азаматты жеткізу туралы бағдарлама өзектілігін жоғалтты», – деп түсіндірді ведомство.

Осылайша, полицияның мәліметінше, бағдарлама арыз бойынша бастапқы тексеру жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында ғана берілген және қазіргі уақытта қолданыста емес.

Белгілі журналист әрі қоғам белсендісі Арман Шораев әзірге бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.

@lawexpert_kz

Арман Шураев, оказывается, объявлен в розыск Ну а я пришла на прием по своим вопросам к начальнику полиции г.Косшы, а он второй день прячется от населения Вчера не нашла номеров телефонов, чтобы записаться, позвонила на 102, сказали на месте и в течение часа будет на месте, приехала, а его нет Записалась через канцелярию на сегодня на 11.30, приехала. А начальник полиции уехал и с концами. Страшно встречаться с населением?

♬ оригинальный звук - Lawexpert
Войдите, чтобы оставить комментарий