«Қорқынышты...»: Танымал экстрасенс Атырауда жоғалған отбасы туралы сұмдық дерек айтты

06.01.2026 16:50 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
«Қорқынышты...»: Танымал экстрасенс Атырауда жоғалған отбасы туралы сұмдық дерек айтты
0
1805

Атырау облысында із-түзсіз жоғалып кеткен отбасығ туралы тағы бір сұмдық ақпарат тарады. Бұл жолы танымал көріпкел Камран Самедов аталған өз болжамын айтқан, деп хабарлайды Politico.kz.

Танымал журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі жазбасында жақсы нәрсе айтпағанын атап өтті. Оның айтуынша, Камран Самедовтің болжамы өте қорқынышты. Сол себепті де толық мазмұны көпшілікке айтылмаған.

«Белгілі экстрасенс жоғалған отбасына қатысты жақсы нәрсе айтқан жоқ, қорқынышты… Лақ еткізіп оны баршаға мен де айта алмаймын», – деп жазды журналист.

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты ресми іздестіру және тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бір отбасыға қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша қайта сараланды.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі із-түссіз жоғалып кетті. Оларды іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Төрт ересек адам 2025 жылдың күзінде жоғалған. Алайда осы уақытқа дейін олардың қайда екені белгісіз. Іздеудегі адамдар 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин, оның жұбайы 1961 жылы туған Насипа Өтешқалиева, олардың балалары 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиев. Олар бір үйде тұрған.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий