Қостанайда ер адам әйелі мен ұлын өлтірді

Қостанайда ер адам әйелі мен ұлын өлтірді
видеодан алынған кадр

Қостанай облысында полиция 51 жастағы ер азаматты әйелін және ұлын өлтірді деген күдікпен ұстады. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікке ілінген азамат Аулиекөл ауданында «ізін суытпай» қолға түсті.

Ресми деректерге сәйкес, күдікті қазір өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құзырлы органдар оқиғаның барлық мән-жайын мұқият анықтап жатыр.

Полицияның баспасөз қызметі күдіктінің әйелін және туған ұлын өлтіргенін нақтылады. Ведомствоның мәлімдеуінше, айыпты заң аясында қатаң жазаға тартылады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу