Қуандық Бишімбаевтың қарындасы ағасын қорғап мәлімдеме жасады

Қуандық Бишімбаевтың қарындасы ағасын қорғап мәлімдеме жасады
06.05.2025 13:01
0
246
коллаж Dalanews.kz

24 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қарындасы Аружан Бишімбаева ағасының ісіне қатысты әлеуметтік желіде өз пікірін білдіріп, қоғамда қалыптасқан көзқарас пен сот үкіміне қатысты күмәнін жеткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ  Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.

 Ол кейбір айыптаулардың дәлелсіз екенін айтып, қоғамда таралған ақпарат шындықтан алшақтап бара жатқанын алға тартты. Аружан Бишімбаева, әсіресе, сот үкімінде көрсетілген «азаптау» бабына күмән келтірді.

«Оны ешкім ұстап отырған жоқ, ешкім азаптаған да жоқ. Қаласа кез келген уақытта кетуге мүмкіндігі болды, бірақ басқа таңдау жасады және қателесті», – дейді ол. Оның айтуынша, марқұм Салтанат Нүкенованың денесінде ауыр жарақаттар тіркелмеген, ішкі ағзалары мен сүйектері де бүтін болған. Бишімбаева денедегі көгерген іздерді «түнгі төбелестің салдары» ретінде бағалап, «шын мәнінде, азаптау белгілері жоқ» екенін алға тартты.

Ол сонымен қатар әлеуметтік желілерде ағасына бағытталған ауыр сындарға қарсылық білдіріп, әсіресе, Бишімбаевты маньякпен салыстырғандарды сынға алды. «Жағдайды дұрыс білмейтін, басқа беттерді оқитын, эмоцияға берілген адамдар мен орынсыз фанаттар» деп атап көрсетті.

Аружан Бишімбаеваның айтуынша, сот үкімімен берілген жаза тым қатал және марқұм Салтанат Нүкенованың отбасының әрекеттері «қаржы мақсатындағы қудалауды жалғастыру» деп бағаланады. Ол сондай-ақ, ағасының бұрынғы әйелі Назым Қаһарманға қатысты да пікір білдіріп, «Жақсы әйелден, әсіресе үш баланың анасынан ешкім ажыраспайды» деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Назым ешқашан Қуандық Бишімбаевтың тарапынан зорлық көргені туралы шағым айтпаған.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев 2024 жылы мамыр айында әйелі Салтанат Нүкенованы ерекше қатыгездікпен өлтіріп, жүйелі түрде азаптағаны үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі алқабилердің қатысуымен шығарылып, бүкіл сот процесі тікелей эфирде көрсетіліп, қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий