"Қуанып тұрмын": Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқан қайта қосылған ба?

12.05.2026 17:29 Мөлдір Қайнар
2415
Фото: ашық дереккөз

Қоғам талқысынан түспей жүрген әзілкеш Тұрсынбек Қабатов тағы да әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл жолы көпшіліктің қызу талқысына оның бірінші әйелі Мөлдір Мұқановамен түскен ескі суреттерін Instagram парақшасына қайта жүктеуі себеп болған.

Желі қолданушыларының байқауынша, осы жағдайдан кейін t_a_d_d_s лақап атымен танымал Айманның әлеуметтік желідегі парақшасы да көзден жоғалған. Сонымен қатар, оның Тұрсынбек Қабатовпен бірге түскен суреттерін өшіргені де көпшілік назарынан тыс қалмаған.

Threads желісіндегі қолданушылардың бірі бұл жағдайға қатысты ойын білдіріп, жұрт арасында түрлі болжам туғызды.

«Тұрсынбек Мөлдірмен түскен фотоларын инстасына шығарып қойыпты. Қуанып тұрмын. Айман әпшеміз инстадан жоқ болды. Ол да екеу түскен суреттерін алып тастағанын байқаған едім. Не болды екен?» – деп жазды желі қолданушысы.

Осыдан кейін әлеуметтік желіде пікірталас қыза түсті. Көпшілік әзілкештің отбасылық өміріне қатысты түрлі ой айтып, әсіресе балалардың тағдырына алаңдаушылық білдірген.

«Мөлдір қайта қабылдаса, дұрыс шығар», «Жақсы белгі болса екен», «Ат айналып қазығын табады», «Ешқашан біреудің отбасын бұзбаңыздар», «Ортадағы балаларға обал», – деп жазды желі қолданушылары.

Войдите, чтобы оставить комментарий