Құлыбаевтардың қалтасына 665 млрд теңге түспек

22.09.2026 16:51 Қарақат АСЫЛОВА
Құлыбаевтардың қалтасына 665 млрд теңге түспек
244
Фото: t.me/finmentorkz

Құлыбаевтар АЛМЭКС-тен 665,46 млрд теңге дивиденд алады. Үш жылдық табыс пен кейінгі жарты жылдың кірісі — «АЛМЭКС» холдингтік тобы дивидендке жалпы 665,46 млрд теңге бөлмек. Halyk Bank-тің ірі акционері саналатын компания бұл соманы жай акциялар бойынша төлейді, деп хабарлайды Finmentor.kz.

Оның 462,25 млрд теңгесі — 2023–2025 жылдардағы таза табыс. Оны дивиденд ретінде бөлу туралы шешім 2026 жылғы мамырда қабылданған. Ал қалған 203,21 млрд теңге — 2026 жылдың алғашқы алты айында түскен таза табыс.

«АЛМЭКС» холдингтік тобы» АҚ-ның акционері — ALMEX HOLDING LIMITED жеке компаниясы. Оның түпкі бенефициарлары — ерлі-зайыпты Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева.

Войдите, чтобы оставить комментарий