Құрылтай депутаттығына кандидаттардың біреуі сайлаудан бас тартты

Құрылтай депутаттығына кандидаттардың біреуі сайлаудан бас тартты
Фото: ашық дереккөз

Құрылтай депутаттығына «Respublica» партиясы ұсынған кандидаттардың біреуі сайлаудан өз еркімен бас тартты, деп хабарлайды Politico.kz.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісовтың айтуынша, 11 шілде күні кандидаттардың біреуі Сания Темірғалиевадан партиялық тізімнен өр еркімен шығару туралы өтініші түскен. 

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулыны қабылдап, «Respublica» партиясының тізімінен Сания Темірғалиеваны шығаруға шешім шығарды.Осылайша «Respublica»-ның партиялық тізімінде 75 кандидат қалды.

Сания Темірғалиева партиялық тізімге  Қостанай облысындағы ResWoman әйелдер қауымдастығының төрағасы ретінде енгізілген болатын.

Айта кетейік, бастапқыда «Respublika» партииясынан Құрылтай депутаттығына 76 адам үміткер болған еді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу