«Құжатты менен емес, алаяқтан сұраңдар»: Белгілі блогердің үйі Krisha.kz-те сатылымға шықты

27.10.2025 18:52 Арман Ермеков
«Құжатты менен емес, алаяқтан сұраңдар»: Белгілі блогердің үйі Krisha.kz-те сатылымға шықты
0
191
фото: sxodim.com

Танымал қазақстандық фудблогер Руслан Айтпаев өзінің басынан өткен келеңсіз жағдаймен бөлісті. Блогердің өзі тұрып жатқан пәтері Қазақстандағы ең ірі Krisha.kz онлайн-платформасында тағы да сатылымға қойылған – оның рұқсатынсыз және ешқандай құжатсыз, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Блогердің айтуынша, үйіне пәтерді сатып алғысы келетін адамдар келе бастаған кезде ғана ол бұл туралы білген. Айтпаев мәселені анықтау үшін Krisha.kz-тің техникалық қолдау қызметіне жүгінген. Алайда платформа өкілдері оған пәтер өзіне тиесілі екенін дәлелдеу үшін жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттарды жүктеуді сұраған.

«Неліктен менің пәтерімді сатылымға шығарған адамнан құжат сұрамайды?» – деп таңданады блогер.

Техникалық қолдау қызметі оған тек хабарландыруға шағым түсіруге кеңес берген.

Бұл жазба әлеуметтік желіде тарағаннан кейін Krisha.kz-тің ресми аккаунты жауап берді. Олардың айтуынша, хабарландыру шағым түскеннен кейін 1,5 сағат ішінде өшірілген және қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қажетті шараларды қабылдау үшін ішкі тексеру жүргізіліп жатыр.

Алайда әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиғаға байланысты өз наразылығын білдіріп, кейбіреулері мұндай жағдайдың алаяқтармен өзара келісім арқылы жасалуы мүмкін екенін жазды.

«Мүмкін бұл алаяқ шығар немесе олар өзара келіскен. Сіз сымның арғы жағында кім отырғанын білмейсіз ғой. Ешбір жағдайда құжаттарды жібермеңіз, бұл да алаяқтыққа қатысты болуы мүмкін», – деп жазды Makonya sky есімді бір қолданушы.

«Керемет. Зардап шеккендер полицияға крыша кз үстінен бөлек арыз жазуы керек. Өйткені krysha.kz – шын мәнінде, алаяқтықтың сыбайласы... Әрине, оларға ешқандай құжат жібермеу керек. Олар сізге ешкім емес. Құжаттарды алаяқтардан талап етсін немесе олармен бірге заң алдында сыбайлас ретінде жауап берсін», – деп есептейді KA есімді тағы бір қолданушы.

«Құжатқа қатысты сұраудың өзі біртүрлі көрінеді. Дербес деректер туралы заң мен оны жинағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы естімеген бе? Прокуратураға арыз беріп, осы хат алмасуды қоса тіркеуге болады», - деп кеңес берді Юлия Нуртазина есімді қолданушы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий