Қырғызстанда билікті басып алмақ болған бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктердің үкіміне шағым түсірілді

03.08.2026 21:14 Қанат Айбар
Қырғызстанда билікті басып алмақ болған бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктердің үкіміне шағым түсірілді
297
Фото: kabar.kg

Қырғызстанның Бас прокуратурасы билікті күшпен басып алуға дайындалды деп айыпталып, пробациялық бақылауға алынған бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктердің үкіміне апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Politico.kz сайты 24.kg басылымына сілтеме жасап.

«75-тің хаты» ісі бойынша Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев, Жогорку Кеңештің бұрынғы төрағасы Нұрланбек Тұрғынбекұлы және бұрынғы бас прокурор Құрманқұл Зұлұшев сотталған болатын. Олардан бөлек бұл істе саясаткерлер Бекболот Талгарбеков, Аалы Қарашев, Эрнис Ұзақбаев, Құрсан Асанов пен Құрманбек Дыйқанбаевтың да есімдері аталады.

Мемлекеттік айыптаушылар елдің Қылмыстық-процестік кодексінің 397-бабына сәйкес апелляциялық ұсыным енгізгенімен, прокуратураның сот шешіміне қатысты нақты қандай өзгеріс сұрап отырғаны әзірге белгісіз.

Еске сала кетейік, шілде айының басында Бішкектің Бірінші Май аудандық соты аталған тұлғаларды билікті күшпен басып алуға дайындалды деп тауып, әрқайсысының мүлкін тәркілеумен бірге 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған еді. Алайда сот шешімімен жаза 3 жылдық пробациялық бақылаумен алмастырылған болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий