Қытай Трамптың қосымша тарифтеріне қарсы "соңына дейін" күресетінін мәлімдеді

Қытай Трамптың қосымша тарифтеріне қарсы
08.04.2025 10:53
0
408
Коллаж The Atlantic
Қытай сауда министрлігі Трамптың тарифтік саясатын қатаң сынға алды

Қытай АҚШ президенті Дональд Трамптың қытайлық тауарларға қосымша 50 пайыздық тариф енгізу туралы ұсынысына «соңына дейін күресуге» дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ APnews басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Қытайдың сауда министрлігі арнайы мәлімдеме жасады. Министрлік өкілінің айтуынша, егер АҚШ тарифтік қысымды күшейтсе, Қытай өз мүдделерін қорғау мақсатында батыл жауап қайтарады.

«Егер АҚШ жоғары тарифтерді енгізуді жалғастыратын болса, Қытай өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін батыл қарсы шаралар қабылдайды. АҚШ өз райынан қайтпаса, Қытай соңына дейін күреседі», – деп мәлімдеді Қытайдың сауда министрлігінің өкілі.

Пекин бұған дейін АҚШ-тың қытайлық тауарларға енгізген тарифтеріне жауап ретінде американдық тауарларға 34 пайыздық тарифтер енгізетінін жариялаған. Дүйсенбі күні президент Трамп қытайлық тауарларға тағы қосымша 50 пайыздық тариф енгізу мүмкіндігін айтты. Сарапшылар бұл тарифтердің жиынтық мөлшері 120%-дан асуы мүмкін екенін болжап отыр.

Сонымен қатар, Қытай билігі ұлттық валютасы – юань бағамын бір доллар үшін 7,20 деңгейінде бекітті. Бұл 2023 жылдың қыркүйегінен бергі ең төменгі көрсеткіш. Сарапшылар мұны Қытайдың тарифтік қысымға жауап ретінде валюта бағамын қолданатыны туралы белгі ретінде бағалауда.

ING банкінің бас экономисі Линн Сонгтың пікірінше, Қытай мен АҚШ арасындағы қазіргі жағдай «қай тараптың бірінші болып кері шегінетіні туралы сынаққа» айналды.

«Қазір бұл төзімділік сынағына ұқсайды: қай тарап бірінші болып экономикалық қысымды сезінеді және келіссөз үстеліне әлсіреген позицияда отырады», – дейді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий