Қызметінен босаған Мырзағали Айтжанов Жәнібек Әлімханұлының жаттығуын өткізді
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Мырзағали Айтжановтың жетекшілігімен спарринг өткізді. Бұл туралы боксшы Х желісіндегі ресми парақшасына жазды.
ІBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегіне дайындығын бастап кетті. Қазір ол АҚШ-қа ұшпай, жаттығуын Қазақстанда жалғастырып жатыр.
Боксшы Х желісіндегі парақшасында бокстан ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Мырзағали Айтжановтың жетекшілігімен спарринг өткізген видеосын жариялады. Ал оның спарринг қарсыластары Мырзағали Айтжановтың жас шәкірттері болды.
«Жігіттердің боксы зерттеп жүрген қарсыластарымыздың тактикасына келеді екен. Мырза ағайдың мектебі десек те болады. Мырза ағай секілді қатты ұрады екен», - деді Жәнібек Әлімханұлы.
Мырзағали Айтжанов та боксшыны демеп, дайындықтың сапалы әрі жақсы өтуін тіледі.
Айта кетсек, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңазелендиялық Андрей Михайловичпен келесі айда жекпе-жек өткізбек. Екі боксшының жекпе-жегі 14 шілдеде өтуге тиіс болатын, бірақ Жәнібек салмақ қуу кезінде денсаулығына байланысты ауруханаға түсіп, жекпе-жек кейінге шегерілді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
23:16
Қазақстанда әскери реформа мақұлданды: сарбазда...
21.10.2026
22:39
Павлодар облысының бас әскери комиссары Бекзат ...
21.10.2026
20:47
Шымкентте есірткі іздеген полицейлер өз әріптес...
21.10.2026
20:21
Каспийге Аралдың күні тумасын: Тоқаев әлемге үн...
21.10.2026
20:13
Тоқаев Бакуде Израиль басшысымен не туралы келі...
21.10.2026
20:07
Қатармен миллиардтаған долларлық жобалар: Тоқае...