Қызметінен кеткен Айбек Дәдебайдың немен айналысатыны белгілі болды
4115
Бүгін ғана қызметінен кеткен президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебайдың немен айналысатыны белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның жай-жапсарын президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты.
«Таяу уақытта елімізде ауқымды саяси науқан өтетіні белгілі. Осындай сындарлы сәтте Айбек Арқабайұлы Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қоғамдық-саяси жұмыспен айналысады», - деді Смадияров.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келген Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, зор ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Айбек Дәдебайды президент әкімшілігінің басшысы қызметінен босатты. Бұл орынға Роман Скляр келді.
Соңғы жаңалықтар
02.10.2026
23:25
Ақтөбе аспанынан дронға ұқсас белгісіз нысан ба...
02.10.2026
22:40
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа...
02.10.2026
22:36
97 келіге арықтаған модель: Асқазанымның 80%-ын...
02.10.2026
22:27
«Өлтіремін» деп қорқытқан: Алматыда бойжеткенді...
02.10.2026
21:30
«Семей орманында» ақша үшін ағаштарды заңсыз ке...
02.10.2026
20:54
Мәмбет Қойгелді: Мұстафа Шоқай мен жарының сүйе...