97 келіге арықтаған модель: Асқазанымның 80%-ын отамен алдырдым

02.10.2026 • 22:36 Томирис САҒЫНДЫҚ
97 келіге арықтаған модель: Асқазанымның 80%-ын отамен алдырдым
153
Фото: instagram.com/narkyz.sansyzbayeva/

Қазақстандық блогер, плюс-сайз модел және визажист Нарқыз Сансызбаева 172 келі салмақтың 92-сінен арылуға не көмектескенін айтты. Бет әрлеуші ота көмегіне жүгініп, асқазанының басым бөлігін кесіп алдырғанын жасырмады, деп хабарлайды Politico.kz.

«Қазір мен тек дұрыс тамақтану ережелерін сақтап, калория санаймын. Күніне тек 900 немесе 1200 калория тұтынамын. Менің асқазаным кішкентай. Бұл ота бір жыл бұрын жасалды, созылмайды, шунтирование деп аталады. Осы New me жобасында маған тегін ота жасалды. Бариатриялық хирург, Аманжол Хамзаұлы Юсупов есімді дәрігер ота жасады. Ол кісіге алғысым шексіз. Асқазанның 100 пайызынан 80 пайызын алып тастады. Маған ота жасаған кезде асқазанымның көлемі 30-40 миллилитр, яғни жаңа туған сәбидің асқазанындай болған», — деді Нарқыз Сансызбаева.

Блогердің айтуынша, отадан кейінгі оңалту кезеңі ас қорыту жүйесінің жаңа жағдайға бейімделуін талап етеді. Дұрыс метаболизмді қалыптастыру үшін жүйелі түрде аз-аздан тамақтану ережесін сақтау маңызды рөл атқарады. Ал бұл тәртіптен ауытқу немесе уақыттың тапшылығы салмақ тастау процесін баяулатуы мүмкін.

«Отадан кейін мен 30 күн бойы тек пюре, сосын сорпа ішіп жүрдім, қатты тағамдар жей алмайтын едім, жеуге де болмайтын еді. Ол кезде отадан кейін үш шай қасық пюре жейтінмін. Қазір де асқазанымның көлемі кішкентай, шамамен 200 миллилитрдей. Кішкене тойсам, бірден тоқтаймын. Адам деген күніне 5 рет кішкентайдан тамақтануы керек. Сол кезде метаболизм жылдамдайды. Менде тіпті практикамда болды, отадан кейін маған хирургім күніне 5-6 рет жеу керектігін айтты. Мен 5-6 рет қалай жеймін, екі-ақ рет жей аламын, себебі жұмыстамын, уақыт жоқ. Сол кезде таразыға тұрсам, екі рет жегенде салмағым кетпейді. Ал 5-6 рет аз-аздан жесем, салмағым төмендейді. Мен соған таңғалдым. Екі рет аздап жейсің, ал 5-6 рет жесең, салмағың 800 грамға дейін төмендейді», — Нарқыз Сансызбаева.

Визажистің айтуынша, күрделі хирургиялық отаға дайындық кезеңі де үлкен жауапкершілік пен физикалық төзімділікті талап етеді. Денсаулыққа төнген қауіпке байланысты алдын ала салмақ тастау бойынша қатаң талаптар қойылады. Бала кездегі тамақтану әдеттері мен күйзеліс салдары салмақтың артуына әкелетін негізгі факторлардың бірі. Тіпті аяққа түскен ауыр салмаққа қарамастан, мақсатқа жету жолындағы физикалық белсенділік үлкен ерік-жігерді білдіреді.

«Отаның, бариатрияның алдында маған салмақ түсіру бойынша нұсқау қойды. Жиырма келі тастау керектігін айтты. Әйтпесе ота жасалмайтын еді. Мен өте қауіпті пациенттердің арасында болдым, салмағым өте үлкен болды. Соған байланысты мен бір үш айдай дұрыс тамақтанып, жаяу жүрдім. Аяғыммен табанға ине кіріп тұрғандай қатты ауыратын. Мен мектепте жүргенде нанды, ұн өнімдерін көп жейтінмін. Мектепте жүргенде де толық болдым", — деді Нарқыз Сансызбаева.

Войдите, чтобы оставить комментарий