Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа заң ұсынылды

02.10.2026 • 22:40 Қарақат АСЫЛОВА
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа заң ұсынылды
165
Фото: Құрылтай

Құрылтай депутаты Дана Медеуованың бастамасымен «Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі – ұлттық қауіпсіздіктің факторы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Politico.kz.

Жиын «Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен қызметінің кепілдіктері туралы» заң жобасы аясында ұйымдастырылды.

Талқылауға Құрылтай депутаттары, Президенттің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Алексей Цой, вице-министрлер, мемлекеттік органдар мен медициналық ұйымдардың, жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен кәсіби қауымдастық мүшелері қатысты.

Кездесуде дәрігерлер мен медицина саласы қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуын күшейту, олардың кәсіби мәртебесі мен қоғамдағы беделін арттыру мәселелеріне басымдық берілді. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығы мен мамандардың әлеуетін дамыту жайы сөз болды.

Құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдері депутаттық бастаманы қолдайтынын білдірді. Қатысушылар жаңа заң жобасының негізгі ережелерін талқылап, оларды іс жүзінде жүзеге асыру тетіктері жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.

Дөңгелек үстел қорытындысында айтылған ұсыныстар жинақталып, заң жобасын одан әрі жетілдіру кезінде ескерілмек.

Войдите, чтобы оставить комментарий