«Реал Мадрид» футболшылары қазақтың қымызы мен шұбатынан бас тартқан

«Реал Мадрид» футболшылары қазақтың қымызы мен шұбатынан бас тартқан
14.10.2025 11:36
0
113
Фото: Кайрат ФК

«Реал Мадрид» футболшылары Алматыға келген сапарында ерекше тамақтану режимін ұстанды. Команда ойыншылары қазақтың дәстүрлі сусындары – қымыз бен шұбаттан бас тартып, тек өздерінің арнайы мәзірі бойынша дайындалған тағамдарды тұтынған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

ҚазАқпарат-тың дерегі бойынша, қонақүй қызметкерлерінің айтуынша, футболшылардың таңғы, түскі және кешкі астары басқа қонақтардан бөлек, арнайы дайындалған 10-қабаттағы жеке мейрамханада берілген. Командамен бірге Алматыға «Реалдың» жеке бас аспазы да келген. Ол сапар алдында мәзірді алдын ала жіберіп, әр тағамның дайындалу процесін жеке бақылап отырған.

«Олардың тағамдары теңгерімді тамақтануға арналған. Барлық өнім жаңа әрі жоғары сапалы болуы тиіс еді. Тіпті, олардың өздерінің ерекше десерті бар — йогурт қосылған торт. Рецептін бізге қалдырып кетті, дәмі өте жеңіл әрі пайдалы», — дейді отельдің шеф-кондитері Екатерина Менжею.

«Біз қымыз бен шұбат ұсынып көрдік, бірақ олар бас тартты — шамасы, «Қайратқа» қарсы маңызды ойын алдында тәуекел еткісі келмеген шығар. Барлық тағам жергілікті өнімдерден дайындалғанымен, олардың бас аспазы әр тағамды жеке тексеріп, команда талаптарына сай екеніне көз жеткізіп отырды», — дейді қонақүйдің тағам және сусындар бөлімінің директоры Мақсат Құттыбулатов.

Еске сала кетейік, «Қайрат» пен «Реал» арасындағы Чемпиондар лигасы матчы үлкен қызығушылық тудырды. Кездесу 0:5 есебімен испандықтардың пайдасына аяқталды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий