Ресей азаматы Павлодардағы ХҚКО-да шу шығарды
ХҚКО-да айқай шығарған ресейлік жұрттың ашуын туғызды
Павлодардағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде ресейлік азаматтың қатысуымен шу шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Куәгерлердің сөзінше, ер адам мекеме ішінде қатты дауыстап сөйлеп, өзін ашулы әрі әдепсіз ұстаған. Орталыққа келген азаматтардың бірі оған тынышталуын ескерткен. Алайда бұл сөзден кейін жағдай ушығып, екі тарап арасында сөзге келу орын алған.
Жанжалды тоқтатуға мекеме қызметкерлері араласқанымен, ер адам сабырға келмей, қызметкерлерге де, келушілерге де дауыс көтергені айтылды.
Соңғы уақытта Қазақстанда кейбір Ресей азаматтарының қатысуымен осындай даулы оқиғалар жиілеп кеткені әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Бұған дейін Алматыда банк картасын рәсімдеу кезінде наразылық танытқан ресейлік әйелдің видеосы тараған еді. Кейін сот оны әкімшілік жауапкершілікке тартып, 10 тәулікке қамауға алған болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады
27.10.2026
17:56
«Бүгін жігіттерде той»: «Жігіттер» тобының әнші...