Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақорда бұған дейін де мемлекет басшысының туған күнін сән-салтанатсыз атап өтетінін бірнеше рет мәлімдеген еді.
Қасым-Жомарт Тоқаев саясаттағы жолын дипломатия саласынан бастаған. Ол МГИМО оқу орнын тәмамдап, Сингапур мен Қытайда қызмет атқарған. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанның халықаралық байланыстарын нығайтуға үлес қосқан тәжірибелі дипломаттардың бірі болды.
Президент бірнеше шет тілін, соның ішінде қытай, ағылшын және француз тілдерін еркін меңгергені жиі айтылады. Әріптестерінің сөзінше, Тоқаев құжаттар мен ресми мәтіндерге ерекше мән беріп, әрбір сөздің нақтылығына аса мұқият қарайтын саясаткер ретінде танылған.
2019 жылы ол Нұрсұлтан Назарбаев қызметінен кеткеннен кейін Қазақстан президенті атанды. Алғашында қоғам оны бұрынғы саяси бағыттың жалғастырушысы ретінде қабылдады. Алайда Қаңтар оқиғасынан кейін елдегі саяси өзгерістер жаңа кезеңге өтті.
Кейінгі жылдары президент «Әділетті Қазақстан», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» секілді бастамаларды көтеріп, саяси реформаларды жүзеге асыра бастады. Конституциялық өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік басқару жүйесінде бірқатар жаңашылдықтар қолға алынды.
Соңғы жаңалықтар