Ресей қылмыстық топ мүшесін Қазақстанға ұстап берді

06.04.2026 13:23 Арман Ермеков
Ресей қылмыстық топ мүшесін Қазақстанға ұстап берді
215
Қылмыстық топтың мүшесі Ресейден елге қайтарылды | Бейнеден алынған скрин

Заңсыз темекі тасымалдап, мемлекет қазынасына 1 миллиард теңге шығын келтірген трансұлттық қылмыстық топтың мүшесі Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне қарасты Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Ресейдегі елшілігімен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген азаматты елге алып келді.

Күдікті 2023 жылы арнайы белгісі жоқ темекі өнімдерін көрші елге апарып сату үшін Қазақстан аумағында заңсыз сақтап әрі тасымалдаған. Оның бұл әрекетінен мемлекет бюджетіне түсуі тиіс 1 млрд теңге көлеміндегі акциз салығы төленбей қалған.

Қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге іліккен азамат 2025 жылдың сәуір айында Ресейде қолға түсті. Бас прокуратураның сұранысымен елге қайтарылған күдікті қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды.

Заңға сәйкес трансұлттық қылмыстық топ құрамында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін айыпталған адамның мүлкі тәркіленіп, өзі 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий