Шымкентте жігітін пышақтап өлтірген қыз сотталды

Шымкентте жігітін пышақтап өлтірген қыз сотталды
Фото: ашық дереккөз

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өзінің жігітін қасақана өлтірген 25 жастағы қала тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Іс алқабилердің қатысуымен қаралды, деп хабарлайды Politico.kz.

Сот материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға 20 мамыр күні күндіз сағат 13:00 шамасында қаладағы «Самал-3» шағын ауданында болған. Жеке тұрғын үйдің ауласында қыз бен жігіттің арасында жанжал туып, әйел ас үйдегі пышақты ер адамның оң жақ кеудесіне сұғып алған. Ауыр жарақат алған ер адам жедел жәрдем жеткенше, сол жерде жан тапсырған.

Кешенді сараптама қорытындысы бойжеткеннің қылмысты саналы түрде жасағанын, әрекет ету барысында есі дұрыс болғанын анықтады.

Алқабилер алқасы айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша толық кінәлі деп таныды.

Сот үкімімен оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Марқұмның туыстарының пайдасына келтірілген залал үшін 20 миллион теңге өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу