Ресейде қазақстандықтар мінген көлік аударылды: бірнеше адам зардап шекті
Ресейдің Алтай Республикасында қазақстандықтар отырған жеңіл көлік жол апатына ұшырап, төрт адам жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында 15 жастағы жасөспірім қыз да бар, деп хабарлайды Politico.kz.
Жол-көлік оқиғасы 7 шілде күні таңғы сағат 08:00 шамасында Онгудай ауданындағы Белый Бом ауылының маңында болған.
Алтай Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Changan X5 Plus көлігін тізгіндеген 47 жастағы Қазақстан азаматы рөлге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан автокөлік жолдан шығып кетіп, жол жиегіндегі сайға аударылған.
«Апат салдарынан жүргізуші мен көлікте болған тағы үш жолаушы, оның ішінде 15 жастағы қыз түрлі дәрежедегі жарақат алып, Онгудай аудандық ауруханасына жеткізілген. Ресми ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендердің барлығы – Қазақстан азаматтары», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жүргізіліп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
16:57
Отандық такси деген атаққа лайық па? Qajet-ке қ...
18.10.2026
16:00
Алматыда түнде қоймалар өртенді
18.10.2026
14:25
Қазақстанда медицинаға 2030 жылға дейін 23 трил...
18.10.2026
13:03
Шымкентте қызғаныштан шыққан жанжал адам өлімім...
18.10.2026
12:01
Өскеменде басына әйелдің ішкиімін киіп жүрген е...
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...