Ресейдегі мәселелер Қазақстанға бензин тапшылығын тудыруы мүмкін – сарапшылар

Ресейдегі мәселелер Қазақстанға бензин тапшылығын тудыруы мүмкін – сарапшылар
15.09.2025 11:58
0
154
Фото: pixabay

Сарапшылардың болжауынша, күзде Қазақстанда бензин тапшылығы туындауы мүмкін. Негізгі себебі жанармайдың көрші елдерге, әсіресе Ресейге заңсыз тасымалдануы, деп хабарлайды ORDA.

Сарапшысы Нұрлан Жұмағұловтың айтуынша, Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуы және украиналық дрондардың шабуылдары көрші елдің бірнеше аймағында жанармай тапшылығын тудырған. Оның ішінде Қазақстанмен шектесетін облыстар да бар.

Осыған байланысты, Қазақстаннан Ресейге қайта сату үшін заңсыз шығарылатын жанармай көлемі артуы мүмкін. Жеке көліктермен тасымалданатын бензинді бақылау мүмкін емеске жуық болғандықтан, бұл ел ішінде тапшылыққа әкелуі ықтимал.

«Рубльдің теңгеге шаққандағы бағамының нығаюына байланысты жанар-жағармай бағасындағы айырмашылық екі есеге жуық өсті. Қордайда қосымша цистерналарды, көліктердің тәулігіне бір рет шығуын тексеретін бақылау бар. Ал Ресеймен шектесетін облыстарды бақылау мүмкін емес», – деп атап өтті Жұмағұлов.

Сарапшы Олжас Байділдинов те жанармай контрабандасының көрші елдермен баға айырмашылығының кесірінен өршіп тұрғанын айтады. Оның сөзінше, көліктерді газға ауыстырып, үлкейтілген жанармай бактарын орнату арқылы шекарадағы «жеңіл бизнеспен» айналысатындар тек бензиннің өзінен күніне кем дегенде жүз доллар пайда таба алады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий