Respublica партиясы Құрылтайға баратын 9 депутаттың тізімін жариялады
106
«Respublica» партиясы Орталық кеңесінің отырысы өтіп, сайлау қорытындысы бойынша Құрылтайға баратын 9 депутаттың тізімі бекітілді, деп хабарлайды Politico.kz.
Тиісті құжаттар Орталық сайлау комиссиясына тіркеуге жіберілді. Депутаттар қатарына төмендегі есімдер кірді:
- Айтқұлов Бекжан Бахтыбекұлы – партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облысы мәслихатының VII–VIII шақырылымдарының депутаты.
- Идрисов Руслан Рашитович – кәсіпкер, Global Food ЖШС құрылтайшысы, Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымының депутаты.
- Қасымбаев Мейрхат Мейрамханұлы – кәсіпкер, «Capital Road Construction» ЖШС байқау кеңесінің төрағасы.
- Құспеков Олжас Хайроллаұлы – Respublica партиясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты.
- Наумова Динара Рустамқызы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі.
- Смолякова Екатерина Сергеевна – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты.
- Тау Нұргүл – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты.
- Хасенов Махамбет Қабдұлқайырұлы – Special Oil Projects компаниясы мен «Альмерек» мұнай базасының құрылтайшысы әрі бас директоры, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
- Қожаназаров Айдарбек Асанұлы – Respublica партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты, Парламенттегі партия фракциясының жетекшісі.
Жаңа фракция құрамында тәжірибенің сабақтастығы мен саяси құрамның жаңаруы қатар ескерілген. VIII шақырылымдағы Мәжілістің бес депутаты Құрылтайдағы жұмысын жалғастырады. Ал қалған төрт кандидат алғаш рет депутаттық мандатқа ие болады.
Еске салсақ, 2026 жылғы 23 тамызда өткен сайлауда партияға 509 631 азамат сенім білдірді. Бұл дауыс бергендердің 5,56% құрап, ұйымға 9 депутаттық орын алып берді. «Respublica» партиясы заңда белгіленген 5 пайыздық межеден өткен бес саяси ұйымның қатарына енді.
Соңғы жаңалықтар
26.08.2026
19:37
«Менің бір ғана әйелім бар»: Данияр Елеусінов ж...
26.08.2026
19:05
«Бір ай бойы көмек сұрадым»: Қызылордада екі ай...
26.08.2026
19:05
Respublica партиясы Құрылтайға баратын 9 депута...
26.08.2026
18:50
«Ақ жол» партиясынан Құрылтай депутаттығына кім...
26.08.2026
18:45
ЖСДП жаңа Құрылтайға баратын 8 депутатының тізі...
26.08.2026
18:33
«Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттарының тізімін...