“100 грамм ішіп жібердім”: Әнші Argonya Қайрат Нұртастың концертіндегі дауға жауап берді
Әнші Арғын Аусеров сұхбат беріп, Қайрат Нұртастың Астанадағы концертінде болған жағдайға қатысты түсініктеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желіде өзіне бағытталған сын мен хейтке де жауап берді.
Әншінің айтуынша, концертке барған кезде денсаулығы сыр беріп, дене қызуы көтерілген. Соған қарамастан, ол сахнаға шығуға мәжбүр болғанын жеткізді.
«Сол концертке біз шынымен қатты ауырып бардық. Менің дене қызуым көтеріліп тұрды. Шынымды айтатын адаммын, ауырып тұрғаннан кейін 100 грамм ішіп жібердім. Қатты көрініп қалды деп ойлаймын. Бірақ тентіреп тұрған жоқпыз ғой. Басым да, құлағым да дыңылдап тұрды. Билеп, тырысып жатырсың, бірақ денсаулық қой. Іштей шаршап тұрсаң да, сені келеді деп айтып қойған. Қалай “жоқ, бармаймын” дейсің?» – деді Argonya.
Сондай-ақ әнші концертте жанды дауыста өнер көрсеткенін атап өтті. Оның сөзінше, құлаққаптың болмауы мен стадиондағы жаңғырық та ән айтуға әсер еткен.
Argonya өзіне айтылған сынға қатысты да пікір білдіріп, хейтерлердің бұрын да болғанын, қазір де бар екенін айтты.
Соңғы жаңалықтар