Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

10.10.2026 • 14:31 Қарақат АСЫЛОВА
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
197
Фото: Vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады, деп хабарлайды Politico.kz.

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық спортшының даталық боксшы Якоб Банкпен кездесетіні туралы ресми хабарлады.

Ұйымның мәліметінше, қос боксшы екінші орта салмақтағы бос қалған әлем чемпионы белбеуі үшін жұдырықтасады.

Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы рекорды – 17 жеңіс, оның 12-сі нокаутпен аяқталған. Ал Якоб Банк осы уақытқа дейін 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 11 кездесуінде қарсыластары нокаутқа түскен.

Бұл кездесу екі боксшы үшін де маңызды сынақ болмақ. Өйткені екеуі де кәсіпқой мансабында әлі жеңіліп көрмеген.

WBO әлеуметтік желідегі парақшасында қос боксшының бос чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасатынын растады.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек Жәнібек Әлімханұлының мансабындағы маңызды кезеңдердің бірі болуы мүмкін. Алайда кездесудің нақты күні мен өтетін орны туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий