Сәкен Майғазиев екінші әйел алу мәселесіне қатысты ойын ашық айтты
Сәкен Майғазиев екінші әйел алу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы әнші Жанар Айжановаға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі көпәйел алуға үзілді-кесілді қарсы емес екенін жеткізіп, мұндай шешім үлкен жауапкершілікті талап ететінін атап өтті.
«Егер ер адам бірінші әйелінің құқығын аяқасты етпей, тағдырдың тауқыметін көрген жесір әйел мен оның балаларына қамқор бола алса, мұны қолдаймын. Тіпті бірнеше отбасының жауапкершілігін әділ атқарып жүрген азаматтарды құрметтеймін. Бірақ бір шаңырақты ойрандап, біреудің обалына қалуға қарсымын. Бұл мәселеде ең бастысы – әділдік пен жауапкершілік», – деді Сәкен Майғазиев.
Әнші сондай-ақ ислам дінінде көпәйел алуға рұқсат берілгенін, сондықтан бұл мәселеге діни тұрғыдан қарсы емес екенін айтты.
Айта кетейік, Сәкен Майғазиевтің бұл тақырыптағы пікірі бұған дейін де әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...
29.10.2026
12:51
Ақмола облысында екі баланың анасын өлтірген ер...
29.10.2026
12:31
«Борат» фильмі үшін Саша Барон Коэн қазақтардан...
29.10.2026
12:15
Асханадан саунаға дейін: «Қазақмыс» жұмысшыларғ...