Сәкен Майғазиев пен Нұрлан Еспановтың ұлдарына қатысты іс тіркелді ме – министрлік жауап берді
Ішкі істер министрлігі осыған дейін «Қайрат» - «Реал» ойынына билеттерді алып-сатты деген күдік бойынша эстрада жұлдыздары Сәкен Майғазиев пен Нұрлан Еспановтың ұлдарын тексеруге дайын екенін хабарлаған еді. Azattyq Rýhy агенттігі осы мәселені нақтылап, ведомствоға сауал жолдап, ресми жауап алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Көрсетілген тұлғалардың туыстарына қатысты өтініштер Алматы қаласының полиция департаментінде немесе оның аумақтық бөлімшелерінде тіркелмегенін хабарлаймыз», - делінген агенттікке берген жауабында.
Дегенмен 2025 жылы 1 қазанда Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция бөлімінде қала және облыстың екі тұрғынының өтініштері негізінде қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі және Алматы қаласы Полиция департаментінде Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық істі тіркелген.
Қазіргі уақытта аталған қылмыстарды жасаған тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.10.2026
10:46
Қазақстан бадминтон федерациясының президенті 1...
18.10.2026
09:26
Ақтөбеде белгілі дәрігер 53 миллион теңге жымқы...
17.10.2026
21:37
Пара алудан ақшаны жылыстатуға дейін. Астанада ...
17.10.2026
17:31
Бостандыққа шығуына санаулы күн қалған: Атбасар...
17.10.2026
16:58
Мемлекетке сыйлық: Нұрасыл Медеу ерекше шешім қ...
17.10.2026
16:22
Шымкенттегі шудан кейін Қайрат Нұртастың концер...