"Сәлем салғаннан ештеңе жоғалтпайды": Жұлдыз Әбдікәрімованың қайын атасы бір құпияны ашып қойды

12.02.2026 10:25 Мөлдір Талғат
322
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков келіні Айгерім Саркеновамен бірге әлеуметтік желідегі танымал «норм немесе стрем» трендін қайталап, түрлі сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Тренд шарты бойынша Айгерім қайынатасына отбасы, келіннің міндеті мен дәстүрге қатысты бірқатар сауал қойып, ол әрқайсына «дұрыс» не «дұрыс емес» деген форматта пікір білдірген.

Нұртас Айдарбеков ер адамның әйеліне үй шаруасында көмектесуі қалыпты жағдай екенін айтты. Сондай-ақ келіні үлгермей жатса, қол ұшын созуды да құптайтынын жеткізді. Алайда келіннің мүлде тамақ әзірлемей, түске дейін ұйықтап жатуын дұрыс деп санамайтынын жасырмады.

Бұдан бөлек, ол келіннің ата-енемен бірге тұру мәселесіне де тоқталды.

«Әрине, өзі біледі. Бірақ жастардың ата-анамен бірге тұрғанының несі жаман? Біз немерелерге қарасып, көмектесеміз ғой», – деді ол.

Сондай-ақ Нұртас Айдарбеков келіннің үйде орамал тағып жүргенін құптайтынын, алайда сыртта тағу міндетті емес екенін атап өтті.

«Сәлем салу» дәстүріне қатысты да өз ойын білдірген ол Жұлдыз шаңыраққа келін болып түскен кезде арнайы рұқсат бергенін айтты.

«Жұлдыз біздің шаңыраққа келін болып түскенде, мен өзім оған сәлем салмауға рұқсат бердім. Себебі ол келгенде менің қызым жоқ, тек ұлдарым болды. Ол маған қызымдай болды. Негізі келін сәлем салудан ештеңе жоғалтпайды, керісінше бата алады. Сондықтан сәлем сал да, батасын ал. Үлкендер ұзақ ғұмыр мен бақыт тілейді. Бұл – өте құнды сөздер», – деді Нұртас Айдарбеков.

Желі қолданушылары бұл видеоға түрлі пікір қалдырып, қайыната мен келіннің ашық форматтағы әңгімесін жылы қабылдады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий