«Әйел ме, ана ма?»: Әншінің пікірі қызу талқыланып жатыр
776
«Алашұлы» тобының мүшесі, танымал әнші Мақсат Рахмет әлеуметтік желіде кең тараған сұраққа берген жауабымен көпшіліктің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Politico.kz
Өнер иесінің ана мен жардың орны жайлы айтқан пікірі желі қолданушылары арасында түрлі көзқарас қалыптастырып, талқылау қыза түсті.
Мақсат Рахметтің айтуынша, ана мен әйелдің орнын бір-бірімен салыстыру — дұрыс емес.
«Ананың орнын ешбір әйел алмастыра алмайды. Сол секілді, әйелдің де орнын басқа ешкім баса алмайды. Қаласаң, гүлді де, көңілді де екеуіне бірдей табуға болады», — деді әнші.
Әншінің бұл пікірі желі қолданушылары тарапынан кең қолдау тапты. Көпшілік оның ойын орынды әрі байыппен жеткізгенін атап өтті. Оқырмандар:
«Күшті айтты», «Керемет түсіндіріп берді», «Әдемі айтты ғой, жарайсың», «Дұрыс жауап», «Өте дұрыс», «Дұрыс айттың, балам. Осындай мән-мағынасы жоқ сұрақтарды қоя бермейік», «Нағыз ер азамат» деп пікір қалдырды.
Соңғы жаңалықтар
11.08.2026
21:22
Алматыда жол бермеген жүргізуші бір соққыдан ес...
11.08.2026
19:45
Астанада бір демалыста 24 адам мас күйде көлік ...
11.08.2026
18:10
Шымкентте көші-қон қызметінің басшысы сотталып,...
11.08.2026
17:00
Танымал дінтанушы тойда ерсі "тілек" айтып, бас...
11.08.2026
16:56
Прокурор Шерхан Аймаханды өмір бойына бас боста...
11.08.2026
16:44
$100 үшін адам сабаған: Қостанайда тапсырыспен ...