Қаза тапқан матростың денесі таксимен жеткізілді деген ақпарат тарады: Министрлік не дейді?
813
Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан 20 жастағы матрос Мейрамбек Бердіхановтың денесі туыстарына қарапайым таксимен жеткізілгені туралы видео тарады, деп хабарлайды Politico.kz сайты Ulysmedia.kz-ке сілтемемен.
Жарияланым авторлары әскери қызметшінің денесі мәйітханадан Toyota Alphard көлігімен шығарылып, туған-туыстарына жеткізілгенін мәлімдеген.
Видеода марқұмның әкесі әскери қызметшілерге эмоционалды түрде үн қатып, болған жағдайдан кейін басқа ұлдарын әскерге жібермейтінін айтқан.
Бұл ақпарат әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Желі қолданушылары қаза тапқан әскери қызметшілердің денелері туған жеріне тиісті құрметпен жеткізілуі керек екенін жазған.
Ал Министрлік әлеуметтік желілерде тараған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Алайда ведомство әзірге нақты қай мәліметті жоққа шығарып отырғанын түсіндірмеді. Яғни, денені таксимен тасымалдау туралы ақпарат па, әлде видеодағы жағдай ма — бұл жағы әзірге белгісіз.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
23:32
Қаза тапқан матростың денесі таксимен жеткізілд...
25.09.2026
22:49
Тоқаев қаза болған сарбаздарды мемлекеттік нагр...
25.09.2026
21:46
Данияр Елеусінов тағы да дауға қалды: FlyArysta...
25.09.2026
21:23
Асхат Тарғын: "Мәрия арман едің" бейнебаянын Ди...
25.09.2026
21:03
Әкесі желіде тараған видеодағы сарбаздың тірі е...
25.09.2026
20:56
Нуранбекова зорланғаннан кейін туған баласы тур...