Самат Смақов болашақ күйеу баласы Шерхан Қалмырзаға ақыл айтты

Самат Смақов болашақ күйеу баласы Шерхан Қалмырзаға ақыл айтты
06.10.2025 14:25
0
189
әлеуметтік желі

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмырзаға болашақ қайын атасы әрі қазақ футболының аңыз тұлғасы, «Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақов ағалық ақылын айтты, деп жазады POLITICO.KZ.

Тәжірибелі маман жас спортшыға журналистер мен телебағдарламалардан уақытша бойын аулақ ұстауға кеңес бергенін жеткізді.

Аға буынның өкілі ретінде оған біраз ақыл айтамын. Ашық айтсам, мен Шерханға БАҚ өкілдерімен байланыс орнатпауға, телебағдарламалар мен сұхбаттардан бас тартуға кеңес бердім. Себебі ол әлі жас, алдымен өзін толық қалыптастырып алуы керек, — деді Самат Смақов.

Бапкер мысал ретінде белгілі футболшы Еркебұлан Сейдахметтің жағдайын еске алды:

Еркебұлан «Уфаға» ауысқан кезде барлығы оған назар аударды. Оның әрбір әрекеті, тіпті тұрмыстық ұсақ-түйегі де жаңалыққа айналды. Соның салдарынан жас ойыншының дамуына кедергі келтірдік. Сол себепті мен Шерханның да асықпай, тыныш еңбектенгенін қалаймын, — деді ол.

Смақовтың айтуынша, талантты ойыншыға тұрақтылық пен сабыр керек. Ал БАҚ назары мен ерте танымалдық кейде спортшының дамуына кері әсер етуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін жас қақпашы Шерхан Қалмырзаның соңғы бір жарым жыл бойы Самат Смақовтың қызы Самирамен кездесіп жүргені белгілі болған еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий