Санжар Боқаевтың ісі бойынша тергеу аяқталды

14.07.2026 08:42 Әсел МҰРАТ
Санжар Боқаевтың ісі бойынша тергеу аяқталды
215
Фото: ашық дереккөз

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы оның адвокаты Радмир Өтепов айтты.

«13 шілдеде Санжар Боқаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясындағы барлық тергеу әрекеттері аяқталды. Осыған байланысты біз (адвокаттар) қылмыстық іс материалдарымен танысуға кірісеміз», - деді адвокат өзінің Instagram парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін сот Санжар Боқаевтың қамауда ұстау мерзімін 18 тамызға дейін ұзартқан болатын.

Белсенді биыл 3 наурызда Америкадан елге оралған бойда ұсталып, алғашында екі айға қамалған еді. Кейін бұлтартпау шарасы 18 маусымға, одан соң 18 шілдеге дейін созылды. Осымен оның қамаудағы уақыты үшінші рет ұзартылып отыр.

Қазіргі таңда Боқаев аса ірі мөлшерде қаражат жымқырды, көрінеу жалған ақпарат таратты және ағаштарды заңсыз кесті деген бірнеше бап бойынша күдікке ілінген. Ол Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу изоляторында қамауда.

Войдите, чтобы оставить комментарий