“Сап-сау еді”: Қостанайда қыз екпеден кейін мүгедек болып қалды

19.04.2026 11:15 Қарақат АСЫЛОВА
“Сап-сау еді”: Қостанайда қыз екпеден кейін мүгедек болып қалды
252
Қостанай облысында ана әділдік іздеп жүр

Қостанай облысының тұрғыны Айгүл Ділдабай дәрігерлердің әрекетінен кейін 11 жастағы қызының денсаулығы күрт нашарлап, мүгедек болып қалғанын айтып, әділдік талап етуде, деп хабарлайды Politico.kz.

 Анасының сөзінше, үш жыл бұрын қызының бетіне бөртпе шығып, олар Диевка ауылындағы емханаға жүгінген. Дәрігерлер қажетті талдаулардың қорытындысын күтпестен, балаға «цефтриаксон» атты күшті антибиотикті екі күн қатарынан еккен. Осыдан кейін қыздың жағдайы күрт нашарлап, есінен танып қалған.

Айгүл Ділдабайдың айтуынша, бастапқыда ол мұны дәрінің жанама әсері деп ойлаған. Алайда баланың жағдайы ауырлап, жансақтау бөліміне түскен. Қыз бірнеше күн комада жатып, дәрігерлер тіпті ата-анасына ең жаман жағдайға дайын болуды ескерткен.

Қазіргі таңда Мерейдің жағдайы ауыр күйінде қалып отыр. Бұрын сабақты үздік оқыған оқушы қазір сөйлей алмайды, өздігінен жүріп-тұра алмайды. Анасының айтуынша, қыз тепе-теңдігін сақтай алмайды және қарапайым қажеттіліктерін ыммен жеткізеді.

Ал Әулиекөл аудандық ауруханасының бас дәрігері Темірхан Бегісбаев бұл жағдай бойынша тексеріс жүргізілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрігерлер тарапынан қателік болмаған деген қорытындыға келген. Ресми нұсқаға сәйкес, баланың жағдайы антибиотиктен емес, аурудың асқынуынан болған.

Аталған іс бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған. Дегенмен, көпбалалы ана бұл шешіммен келіспей, Бас прокуратураға шағым түсірген. Ол қызының қазіргі жағдайына жауаптылар жазалануы тиіс деп есептейді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий