Сауда министрі қой етінің қымбаттауын Құрбан айттағы сұраныспен түсіндірді

17.06.2026 17:25 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Сауда министрі қой етінің қымбаттауын Құрбан айттағы сұраныспен түсіндірді
175
Фото: mihantarh.com

Қазақстанда қой етінің бағасы соңғы уақытта айтарлықтай өсіп, тұтынушылар арасында үлкен талқылау тудырды. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Мәжіліс кулуарында бұл жағдайдың нақты себебін түсіндірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Министрдің сөзінше, бағаның күрт секіруіне мамыр айының соңында өткен Құрбан айт мерекесі кезіндегі маусымдық сұраныс тікелей әсер еткен.

"Қой еті бойынша біздегі негізгі негізгі фактор — Құрбан айт болды. 8 наурызда гүлдер әрқашан қымбаттайды, ал Пасхада жұмыртқа қымбаттайды. Сондықтан мұнда бастысы — сұраныс пен ұсыныс. Тауарға сұраныс артқан сәтте баға өседі — бұл экономиканың заңы, экономика осылай жұмыс істейді. Сондықтан бұған таңданудың қажеті жоқ", – деді Шаққалиев.

Ол елдегі азық-түлік қауіпсіздігі тұрақты екенін және ет өнімдерінің 80%-дан астамы отандық кәсіпорындарда өндірілетінін атап өтті.

"Сондықтан бұл жерде тұтынудың ерекше моделі бар, маусымдылық бар - бұл әсер ететін факторлар. Баға ешқашан бір орында тұрмайды, мұны да түсіну керек. Бірақ баға нарықта бәрі жеткілікті болған кезде тұрақты болады және әдетте бұл азық-түлік қауіпсіздігі, оның ішінде экономикалық қауіпсіздік, 80 пайыздан астамы ел ішінде өндіріледі. Міне, бастысы осы", – дейді министр.

Қой етінің баламасы қандай және ең қымбат қалалар қайсы?

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, сәуір айында елімізде қой етінің орташа бағасы келісіне 4 000 теңгені құраған. Ең жоғары баға Алматы (4 400 теңге) мен Ақтау қалаларында тіркелді.

Ал ең арзан қой етін Орал қаласынан табуға болады, онда өнімнің келісі 3 200 теңге шамасында. Сондай-ақ Ақтөбеде сиыр еті де осы бағамен (3 200 теңге) сатылып, ең төменгі көрсеткішті көрсетті.

Статистикаға сүйенсек, қой еті бір жыл ішінде бірден 23,5%-ға қымбаттап, өзге ет түрлерінің арасында рекордтық өсім көрсетті. Осы қымбатшылықтың кесірінен ел ішінде бұл етті күнделікті аста пайдалану деңгейі жылдан жылға төмендеп келеді.

Егер 2022 жылы бір адамға шаққанда қой етін тұтыну көлемі 5,4 кг болса, 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 5 кг-ға дейін азайған.

Айта кетейік, сарапшы қой етінің бағасы тұтынушылардың қалтасын қағатын деңгейге қалай жеткенін түсіндірген еді.

Войдите, чтобы оставить комментарий