Сауда үйінің екі қызметкері кассадағы ақшаны құтқарамын деп қаза тапты

03.08.2026 14:13 Мөлдір ҚАЙНАР
Сауда үйінің екі қызметкері кассадағы ақшаны құтқарамын деп қаза тапты
795
Фото: ашық дереккөз

Жапонияның Кумамото префектурасында жер сілкінісінен кейін Aeon Mall сауда орталығында болған жарылыстан екі әйел қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, 22 жастағы Куруми Отакэ мен оның әріптесі магнитудасы 7,1 баллдық жер сілкінісі кезінде ғимараттан аман-есен сыртқа шығып үлгерген. Мұнан соң компания басшылығы қызметкерлерге кассадағы түсімді сейфке тығу үшін кейін қайтуды бұйырған.

Дәл осы сәтте ғимарат ішінде жойқын жарылыс орын алды.

Habita Inc. компаниясының өкілдері марқұмның отбасына ресми түрде кешірім сұрап, оқиғаның қалай болғанын жазбаша түрде тапсырды. Компанияның сату жөніндегі менеджері бұл трагедияның ешқандай ақшаға татымайтынын айтып өтті.

"Орын алған қайғылы оқиға адам өміріне татымайтын еді", – деп мәлімдеді ол.

Касима кентіндегі сауда орталығында болған жарылыстан жалпы сегіз адам көз жұмды. Префектура билігінің мәліметінше, жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 36 адамға жетіп, 8 мыңнан астам тұрғын эвакуациялау пунктерінде қалып отыр.

Қазіргі уақытта Кумамото полициясы мен өрт сөндіру қызметі жарылыстың себебін зерттеп жатыр. Негізгі болжам – зақымданған жерасты коммуникацияларынан газдың шығуы.

Сонымен бірге құқық қорғау органдары басшылықтың берген бұйрығына құқықтық баға береді. Егер салғырттық фактісі дәлелденсе, топ-менеджерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Войдите, чтобы оставить комментарий