"Сен менің білмейсің ғой қадірімді…": Тоқтар Серіковтің жазбасы көпті ойландырып қойды

04.12.2025 10:34 Мөлдір Талғат
0
36
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева

Әнші Тоқтар Серіков желідегі парақшасында әсерлі бейнежазба жариялап, елдің жүрегін елжіретті, деп жазады POLITICO.KZ.

Жарияланған видеода өнер иесінің өз концертінде терең мағынасы бар өлең жолдарын оқып тұрғаны байқалады.

«Сен менің білмедің қадірімді.

Мен саған таға алмаймын қазір мінді.

Егер де мен өмірден ғайып болсам

Қопарып іздеп жүрме қабірімді,

Сен менің білмейсің ғой қадірімді...» деп оқыды әнші жүректен шыққан сырлы өлеңін.

Желі қолданушылары бұл бейнежазбадан ерекше әсер алғанын білдіріп, түрлі жылы пікір қалдырды.

«Бәрекелді», «Керемет! Мықты өлең», «Жүрекке жетті…» деп тамсанғандар көп болды.

«Өнердегі орны бөлек алтын адам», «Нағыз сезімнің отын тұтататын өлең» деп баға бергендер де табылды.

Кейбіреулер әншінің сезімге толы орындауына тоқталып: «Сіздің қадіріңізді білмей жүрген қандай қыз, Құдай-ау» деп жазса, тағы бірі: «Бала махаббатты жырға қосып тұрып, өмірінде алғаш рет ғашық болып тұрған баладай болды-ау Тоқтар ағам. Қалтасына қолын мың салып» деп пікір қалдырды.

Әншінің бейнежазбасы қысқа уақытта кең таралып, тыңдарманын толғандырған ерекше сәттердің біріне айналды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий