Сенат депутаттары мәжіліс қабылдаған жаңа салық кодексін кері қайтарды
Сенат жаңа Салық кодексін Мәжіліске қайтарды
Бүгін Сенат отырысында депутаттар Мәжіліс қабылдаған жаңа Салық кодексін екінші оқылымда мақұлдамай, кері қайтарды.
Салық кодексін талқылау және екінші оқылымға дайындау барысында Сенат келесі өзгерістерді ұсынды:
- Фермерлік шаруашылықтар үшін прогрессивті салық салу енгізу ұсынылды: 230 000 АЕК-тен жоғары кірістер 15% мөлшерлемемен салық салынады.
- KASE-дегі бағалы қағаздармен операциялардан дивиденд алатын азаматтар үшін жеке табыс салығы бойынша жеңілдік белгіленді (ХҚҚО-мен қатар).
- Банктік транзакциялардың қымбаттауы мен халықаралық есеп айырысулардағы ақауларды болдырмау үшін төлем карталарымен операциялар ҚҚС-тан босатылды.
- Сән-салтанат бұйымдарына (автокөліктер, кемелер, ұшақтар) акциз тек импорт кезінде ғана емес, сонымен қатар ел ішінде сатылған кезде де алынады. Төлемшілер тек жеке тұлғалар болады.
- Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығынан инвестициялардың ағып кетуін болдырмау үшін резидент еместердің мемлекеттік облигациялармен операциялардан түсетін кірістері бойынша жеңілдік сақталды.
- Салықтар бойынша барлық нашарлататын ережелер тек 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетіні бекітілді.
- Камералдық бақылау бойынша хабарламалар ескерілмеген жағдайда электрондық шот-фактураларды тоқтата тұру механизмі енгізілді.
- Мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейтін кәсіпорындардың (кемінде 10 қызметкер) айналымдары ҚҚС-тан босатылады.
- Отандық баспа басылымдары үшін ҚҚС мөлшерлемесі 10% болып белгіленді.
- Өмірді қамтамасыз ету объектілері үшін қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін қолданыстағы мөлшерлемелер сақталды.
- Шаруа қожалықтарына өтеусіз берілген мүлік салық салынатын кіріс болып саналмайды.
Осылайша, Сенат депутаттары Салық кодексінің жекелеген баптарын мақұлдамауға және оны көрсетілген баптардың жаңа редакциясын ұсына отырып, Мәжіліске қайтаруға шешім қабылдады.
Дереккөз: NUR.KZ
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...