Шавкат Рахмонов пен әйелі туралы қуанышты жаңалық жетті
Соңғы уақытта UFC файтері Шавкат Рахмоновтың жеке өміріне қатысты желіде тараған әңгімелерге нүкте қойылды. Танымал заңгер Мейірман Шекеев Qazaqordasy арнасына берген сұхбатында Шавкат пен жары Гүлайым Рахмонованың заңды түрде әлі ажыраспағанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Заңгердің айтуынша, ерлі-зайыптылар некені бұзу туралы сотқа ресми арыз түсірген. Яғни олардың арасында ажырасуға қатысты заңдық процесс басталған.
«Иә, Гүлайым Рахмонова мен Шавкат Рахмоновтың ажырасуға арыз бергені рас. Басында олар бұл процесті бастады», – деді Мейірман Шекеев.
Алайда кейін тараптар өзара келісімге келіп, тіл табысып, сотқа берген өтініштерін кері қайтарып алған.
«Кейін олар татуласып, берген арыздарын кері қайтарып алды. Қазіргі таңда екеуі заңды түрде ажыраспаған», – деп нақтылады заңгер.
Оның сөзінше, спортшы мен жұбайы қазіргі уақытта ресми түрде ерлі-зайыпты болып саналады.
Айта кетейік, жақында Шавкат Рахмоновтың жары бесінші сәбиін дүниеге әкелді.
Бұған дейін Гүлайым Рахмонова Шавкат Рахмоновпен ажырасқанын айтқан еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...