«Шегірткенің айғыры»: Sabirkin актер Нұрсұлтан Жақсыген туралы пікірін айтты

03.11.2025 09:35 Айсұлу Мұрат
«Шегірткенің айғыры»: Sabirkin актер Нұрсұлтан Жақсыген туралы пікірін айтты
0
181

Әлеуметтік желіде блогер, әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты үлкен дау туындады. Танымал блогерлер оның бұрынғы жары мен балаларына қатысты айтқан әдепсіз, қорлайтын сөздеріне наразылық білдіріп, бойкот жариялауға шақырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

"Сабиркин" атымен танымал блогер Сабира Жалғасова Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты ойын ашық жазып, сынап тастады.

"Шегірткенің айғыры. Топастықтың шегін көрдім деп ойлаушы едім, міне екен ғой нағыз шегі", деп жазды ол. 

Естеріңізге сала кетсек, Блогер Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жұбайына ауыр сөздер айтып, оны қорлап жазған хабарламалары жария болды. Скриншоттарда ол әйелін "бастысы қыздығыңды мен алғанмын", "көшедегі әркімнің біреуі", "есік көрген қызды ешкім бағаламайды" деп кемсітіп, балағат сөздер қолданған. Сондай-ақ, ол бұрынғы жарының тұрмыстық және жеке өмірін мазақтап, ар-намысына тиетін пікірлер жазған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий