Шерзат Болатты өлтіргендер туралы сұмдық деректер белгілі болды
4048
Талғарда 16 жасар Шерзат Болатты өлтірді деп күдікке ілінгендерге қатысты тың деректер белгілі болды.
Ол туралы ашық сот өтуін талап еткен марқұмның туыстары айтып берді. Бейнежазбасын блогер Жан Ахмадиев жариялады.
Абзал деген жауыз шімірікпей отыр. Өзінің кінәсін мойындаса, құдайдың жөні ғой. Ешқандай өкіну жоқ, — деді Шерзаттың апаларының бірі.Тағы бір күдіктінің 3-4 адамды жарымжан еткенін айтты.
Нұрқияс деген бала менің баламды өлтіргенге дейін де 7-8 рет іс қозғалып, 3 адамды жарымжан еткен. Сол істердің бәрінің жабылып кеткенінен мен қорқамыз, — деді Шерзаттың апасы.Ал оқиға орнында болған 2 қыз куәгер емес дегенді алға тартты.
«Ешкім жазасыз қалмасын. Куәгер деп айтылған қыздар да жазасын алсын. 13 адамның бәрі жазалансын. Жабық сот болатын болса, бұрмаланып кететініне 100% сенімдімін, — деді марқұмның әпкесі.Ол президенттен ашық сот өткізуін сұрайды.
Соңғы жаңалықтар
11.08.2026
19:45
Астанада бір демалыста 24 адам мас күйде көлік ...
11.08.2026
18:10
Шымкентте көші-қон қызметінің басшысы сотталып,...
11.08.2026
17:00
Танымал дінтанушы тойда ерсі "тілек" айтып, бас...
11.08.2026
16:56
Прокурор Шерхан Аймаханды өмір бойына бас боста...
11.08.2026
16:44
$100 үшін адам сабаған: Қостанайда тапсырыспен ...
11.08.2026
16:32
Павлодар облысында депутат ұсталды