Шерзат Полат ісі бойынша сотталған Думан Ысқақ рақымшылыққа ілігуі мүмкін

Шерзат Полат ісі бойынша сотталған Думан Ысқақ рақымшылыққа ілігуі мүмкін

Думан Ысқақ рақымшылыққа ілінуі мүмкін

Шерзат Полат ісі бойынша сотталған тоғыз адамның бірі, кәмелетке толмаған Думан Ысқақ рақымшылыққа ілігуі мүмкін. Бұл туралы Ulysmedia басылымы депутат Абзал Құспанға сілтеме жасап хабарлайды.

Депутаттың айтуынша, Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыс адам өліміне әкеп соққандықтан, бұл іске рақымшылық актісі қолданылмайды. Алайда, Думан Ысқақ Қылмыстық кодекстің 434-бабы ("Қылмысты хабарламау") бойынша жазаланғандықтан, рақымшылыққа ілінуі мүмкін.

Еске салсақ, 17 жастағы Думан Ысқақ Шерзат Полаттың өліміне қатысты істе "қылмысты хабарламағаны үшін" бір жарым жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу