Шерзатты бұлар өлтірмеді - Нұрқияс Ілиясовтің әкесі

Шерзатты бұлар өлтірмеді - Нұрқияс Ілиясовтің әкесі
18.06.2025 10:02
0
134
Ашық дереккөз

Жақында 16 жастағы марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесі аяқталып, айыпталушыларға 1,6 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілген болатын, деп хабарлайды  POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Сондай-ақ 9 сотталушыдан жәбірленуші тараптың пайдасына 120 млн теңге моральдық өтемақы өндіруге шешім шыққан.

Ел дауысы ютуб арнасына берген сұхбатында Нұрқияс Ілиясовтың әкесі Төлетбек Ілиясов бұл үкіммен мүлде келіспейтінін айтты.

«Шерзатты өлтірген адам олардың арасында жоқ болып тұр ғой, олар соны мойнына алып отыр. Менің ойымша солай болып тұр. 9 жыл өте ауыр болып тұр. 9 жыл деген оңай емес. 5-6 жыл болса жарар еді. Апелляцияға береміз. Ондай өтемақыны қайтіп қайтарамыз? 500-600 мың алып, жұмыс істеп жатсақ жарайды. Біздің бар айлығымыз 80-85 мың. Өзім күзетте істеймін, 85 мың аламын», - дейді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий