"Шерзаттың атына көше берілсін”: Адвокат Мейірмен Шекеев ұсыныс жасады

ашық дереккөз

Шерзат Полат ісінде жәбірленуші тараптың өкілі болған Мейірмен Шекеев Талғар әкімдігіне ұсыныс жасағанын мәлімдеді. 

Ол қоғамды оятқан тұлға ретінде Шерзаттың атына көше беруді сұраған.

«Шерзат қаза болған Менделеев не Руставели көшелерінің бірін Шерзаттың атымен ауыстыру туралы ұсыныс айттым. Өйткені Шерзат ақын не жазушы болмаса да, біздің қоғамды оятып кеткен бірден бір тұлға деп есептеймін», – деді заңгер.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу