ШҚО мәслихат депутаты Дмитрий Сомов пара беру ісі бойынша ұсталды

15.02.2026 10:22 Қарақат АСЫЛОВА
ШҚО мәслихат депутаты Дмитрий Сомов пара беру ісі бойынша ұсталды
244
Ашық дереккөздерден
Шығыс Қазақстанда депутатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақпарат көздерінің мәліметінше, 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Дмитрий Сомов лауазымды тұлғаға пара беру фактісі бойынша ұсталған, деп хабарлайды Politico.kz агенттігі sozmedia.kz-ке сілтемемен.

Бұған дейін де оның есімі өңірдегі құрылыс тендерлерін бөлуге қатысты жария зерттеулерде аталған болатын. Атап айтқанда, депутаттың «Востоквзрывпром» және «Kurylys Group RK» компанияларымен байланысы бар екені хабарланған. Бұл екі серіктестік жол құрылысы мен инженерлік желілерге қатысты конкурстарға тұрақты түрде қатысып, кезек-кезек жеңімпаз атанып келген.

Ашық дереккөздерде «Востоквзрывпром» компаниясының депутаттың өзімен және жұбайымен байланысты екені, ал «Kurylys Group RK» басшысы оның өзге бір кәсіпорындағы бизнес-серіктесі болғаны айтылған. Екі компания да әр жылдары мемлекеттік сатып алуларда жосықсыз қатысушы ретінде танылғанымен, ірі инфрақұрылымдық жобаларды орындауды жалғастырған.

Сонымен қатар, «Kurylys Group RK» Павлодар әуежайын қайта жаңғырту жобасының бас мердігері болған. Компания бұған дейін 14,6 млрд теңге көлеміндегі тендерді жеңіп алғаны белгілі.

Редакция ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында құзырлы органдарға сауал жолдады.

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар қамауға алынды деген ақпарат тараған еді. Алайда әкімдік бұл мәліметті ресми түрде растаған жоқ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий