ШҚО-да алаяқтық үшін сотталған ер адам түрмеден қашып кетті
Шығыс Қазақстан облысында алаяқтық үшін жазасын өтеп жатқан сотталушы түзеу мекемесіне белгіленген уақытта оралмай, басқа өңірден ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ер адам ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің №24 мекемесінде жазасын өтеп жатқан. Оған мекеме аумағынан тыс жерде еңбек етуге рұқсат берілген. Алайда жұмысқа таңертең кеткен ол кешке қарай түрмеге қайтып келмеген.
Сотталушының үйіне жетуге әрекет жасағаны болжанып отыр. Мекеме қызметкерлері оның оралмағанын білген бойда іздеу жұмыстарын ұйымдастырған.
Бес сағаттың ішінде оның қай бағытта кеткені анықталып, қозғалыс бағыты бақылауға алынған. Нәтижесінде ер адам Жетісу облысының аумағында ұсталды.
Оны іздеуге ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері мен Жетісу облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қатысқан.
Қазір сотталушы ұсталып, жазасын өтеуден жалтару фактісі бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...