Маңғыстауда жасөспірімдер қызды тізерлетіп ұрып-соққан: Ата-аналары жауапқа тартылды

28.08.2026 18:14 Қарақат АСЫЛОВА
Маңғыстауда жасөспірімдер қызды тізерлетіп ұрып-соққан: Ата-аналары жауапқа тартылды
185
Видеодан кадрлар

Маңғыстау облысында жасөспірімдер арасындағы жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Кадрларда қыз баланың тізерлеп отырғаны, кейін оны бірнеше жасөспірімнің қоршап алып, ұрғаны көрінеді.

Оқиғаға қатысқан жасөспірімдер ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілген. Құқық қорғау органдары жанжалдың мән-жайын анықтап, қатысушылардан түсініктеме алған.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандармен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізген.

Жасөспірімдердің ата-аналары балаларды тәрбиелеу және оқыту міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Іске қатысты материалдар сотқа жолданған.

Сонымен қатар, оқиға туралы ақпарат Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберілді. Комиссия тиісті шараларды қарастырады.

Ал жанжалға қатысқан жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылған. Полиция олардың өздерімен және отбасыларымен жұмысты жалғастыратынын хабарлады.

Полиция оқиғаның нақты қай жерде және қашан болғанын әзірге жариялаған жоқ.

Войдите, чтобы оставить комментарий